BASTY BETJAŃALYQTAR

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНДЫ

Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Аймақта қарлы боран соғып, республикалық маңызы бар жолдар жабылды. Жүргізушілерге жолға шығуға шектеу қойылды. Ал күре жолдарда қаңтарылған көліктердің ұзындығы бірнеше шақырымға жеткен.

Қолайсыз ауа райы әсіресе Жуалы ауданындағы Күйік асуы мен Қордай ауданында сақталып отыр. Аймақта жүк көліктеріне 3 күн бұрын жолға шығуға тиым салынды. Ал 2 тәуліктен бері барлық автомобильдер кері қайтарылып жатыр. Жолда қалған жолаушылар үшін облыс аумағында жылыту пункті ашылды. Арнайы штаб құрылып, қауырт желі жұмыс істеп жатыр.

– Тұрғындардың жолдардың жабылуына қатысты ескертулерді мұқият сақтауды және қолайсыз ауа райы кезінде жолға шықпауларыңызды сұранатын едік. Өкінішке орай бүгін де жүргізушілер блокбекеттерді айналып өтуге тырысқан жағдайлар анықталуда. Сонын салдарынан олар өздерінің және құтқарушылардың да өмірін қатерге тігуде. Сондықтан тұрғындарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз,-дейді Нұржан Календеров, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары

Облыстағы республикалық маңызы бар тас жолдарда тазалау үшін
171 адам және 76 бірлік техника жұмылдырылған. Сонымен қатар «Жамбыл электр желілері» ЖШС электр желілерін қалпына келтіру үшін 23 авариялық-құтқару жасағы мен 27 арнайы техника жұмыс істеуде. Мамандар газ құбырлары бойынша апаттар тіркелген жоқ деп отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *