ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛАДЫ
Жас мемлекеттік қызметкерлер үшін жағымды жаңалық! Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу кезеңі басталды. Бұл өз кезегінде жастардың мемлекеттік қызметтегі лауазымдарда сатылай өсуіне үлкен мүмкіндік береді.
2019 жылы өткізілген іріктеу бойынша резервке 300 адам, 2021 жылы – 50 адам алынған. 350 адамның 264-і мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жұмыс істейді. Яғни 75%-ы жұмысқа орналасқан. Бүгінгі күнге дейін әртүрлі деңгейдегі лауазымдар барлық резервшілерге ұсынылыпты. Ал негізгі талаптары мынадай:
– Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар. ҚР азаматтылығы бар. Жасы 35-тен аспаған. Жоғары білімді. 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі және мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген болуы қажет,-дейді Лесбек Илебаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі жоб департаментінің басшысы
Биыл кандидаттардың құжаттарын 1-30 қыркүйегі аралығында pkrezerv.gov.kz сайты арқылы қабылданады. Іріктеудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін кандидаттарды бағалау нәтижелері олардың жеке кабинетінде жарияланады. Барлық азаматтар үшін қатысушылар туралы ақпарат қолжетімді.
Жобада тәжірибелі жастар үшін мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық қызметке тұруға бірегей мүмкіндік ашу көзделген. Мәселен, жоғары әкімшілік, саяси лауазымдарға бос орындар пайда болған жағдайда Президенттік жастар кадрлық резервінде тұрған тұлғалардың кандидатуралары қаралады. Мәтіндік тест, ситуациялық есептерді шешу, сараптамалық комиссияда сұқбаттасу сынды кезеңдерден өтеді.