BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAMЕл

ТАРАЗДА АКВАПАРК АШЫЛДЫ

Таразда аквапарк ашылды. Орталық Азиядағы ірі отбасылық ойын-сауық «Зербұлақ» кешені Астана күніне орай бүгін қолданысқа берілді. Ауқымды жоба өңірдегі туризмді дамыту бағлдарламасы шеңберінде қолға алынған. ал құрылысына 1,2 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалған.

Ойын-сауық кешенінің жалпы көлемі 1,9 ГА, 4 аймақтан тұрады. Ересектерге арналған 1,7 метрлік, балаларға арналған 2 бассейн бар. Күнге қыздырынатын орын да қарастырылған. Биіктіктен түсетін 13 метрлік су сырғымалары келген қонақтарға естен кетпес көңіл-күй сыйласа, толқынды бассейн арқылы өзіңізді теңіз жағалауында жүргендей сезіне аласыз. Жалпы аквапарк күніне 2000 адамға дейін қабылдай алады.

-3 кәсіпкер бірігіп «туған жерге туыңды тік» жобасы аясында Жамбыл облысының тұрғындарына үлкен аквапарк салып берді. Бұл орын 1 маусымнан беріледі деп күтілген еді, құрылысы күрделі болғандықтан 1 шілдеден бастап қолданысқа беріліп жатыр,-дейді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил

Айта кетейік, демалыс орнына кіру цифрландырылған. Төлем арнайы мобильді қосымша арқылы жүзеге асады. Ересектер кіру билетінің құны 5000 тг болса, 2-13 жас аралығындағы балаларға 4000 тг. Алдағы уақытта мұнда БЕС ЖҰЛДЫЗДЫ қонақ үй кешені салынбақ. Сондай-ақ ойын сауық, өзге де сервистік орталықтар іске қосылмақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *