JAŃALYQTARQOǴAM

ЖОЛДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

Жамбылда жеті айда 600-ге жуық жол-көлік оқиғалары орын алып, 116 азамат қапы да көз жұмған. Барлығында жол қозғалыс ережелерін сақтамаудың салдары. Жасөспірімдердің қатысуымен болған қайғылы жағдайларда жетерлік. 180 дерек тіркелді дейді, мамандар.

Екі күн бұрын болған мына бір оқиға көптің жағасын ұстатқан еді. Жол жиегінде өртеніп жатқан көлікті кездейсоқ куәгерлер түсіріп алған. Жол апатынан көлік ішінедегі 3 азамат тірідей жанып кеткен. Дәл осы сияқты жантүршігерлік оқиғалар елімізде жиіледі. Басты себеп-жылдамдықты асыру, жол ережесін бұзу. Сондықтан мамандар сақтансаң, сақтайды деген қадиғамен жүру керек дейді.

– Полиция департаментімен жүргізушілер арасында балалардың қауіпсіздігіне аса назар аударуда Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлуметтік желілерде бейне-аудио роликтерді көрсете отырып, насихат жұмыстары жүргізілуде.Жыл басынан бері білім беру, мектепке дейінгі, спорт мекемелері, маңында 20-ға жуық жол белгілері мен билборд, панолар қойылды,-дейді Болат Ізбасаров, ПД ЖПҚБ жол жүрісін қадағалауды ұйымдастыру тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жыл басынан бері республикалық маңыздағы автожолда 37- жол-көлік оқиғасы орын алып, 6 жасөспірім қаза болған. Жергілікті маңыздағы тасжолда 15жол апатынан, 8 жасөспірім көз жұмыпты. Бұдан бөлек, көшелерде 128 жол-көлік оқиғасынан 5 жасөспірім қайтыс болған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *