BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

МАГНИТТІК МЕКТЕППЕН МЕМОРАНДУМ

Жамбыл облысындағы 2 мектепке «Білім беруді тұрақты дамыту» қайырымдылық қорының «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына енгізілді. Игі бастама Жуалы ауданындағы Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицеЙІНің материалдық-техникалық базасы толықтай жаңартуға мүмкіндік беріп отыр. Атап айтқанда, енді оқушылар заманауи зертханалармен, TELE-студия, ART-студия, STEM-лаборатория т.б пәндік кабинеттерді тәжірибе жинақтай алады.

Тірек мектеп-лицейдің бастамасымен магниттік мектептердің «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерімен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Келісімде бірнеше мәселер қаралған. Мектепаралық байқаулар мен олимпиадалар, спорттық жарыстар, конференциялар, экскурсиялық сабақтар ұйымдастыра отырып, мектеп білім алушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алынбақ.

– Тірек мектеп лицейі ретінде магниттік мектептермен бірлесе отырып білім саласын арттыру. Осы білім алушылардың жан-жақты дамуына, оларға қолайлы жағдай жасауға мектеп базасындағы ресурстарды бірігіп тиімді пайдалану мақсатында осы басқа мектептердің парламентімен тығыз қарым қатынас жасау үшін бүгінгі келісімді ұйымдастырып отырмыз.Алдағы уақытта мектеп парламентімен тығыз жұмыс жасайтын боламыз,-дейді Назым Кемел, «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының президенті

Магниттік мектептердің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері шара соңында тірек мектеп-лицейдің базасындағы ресурстармен танысып, түрлі бағыттағы үйірме сағаттарына қатысты. Аталған білім беру ұйымы білім сапасын арттыру мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектебі және педагогикалық шеберлік орталығымен бірлескен меморандум аясында 3 жыл бойы жаңа әдістемелерді енгізу мен педагогтердің біліктілігін арттыру жұмыстарымен жүйелі түрде айналыспақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *