БАЛАЛАРДЫҢ ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУЫ ЖИІЛЕГЕН
Балалардың көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен құлау дерегі азаймай тұр. Елде жыл басынан бері 15 бала дәл осындай жағдайда көз жұмған. ТЖД ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауын жиі ескертсе де, оқыс оқиғалардың алдын алу мүмкін болмай тұр. Жамбыл облысында да далаға көз тастаймын деп қайтыс болған балақайлар бар.
Жамбыл облысында өткен жылы көпқабатты тұрғын үйлердің балкондары мен терезелерінен 20 бала құлап, 1-уі ажал құшқан. Ал биыл жарты жылда 9 бүлдіршін зардап шеккен.
– Қайғылы оқиғаны болдырмау үшін қарапайым ережелерді сақтану керек. Біріншіден кішкентай балаларды терезе алдында қараусыз қалдыруға болмайды.// //Екіншіден мына терезеге арналған масахана торларға сүйкенуге болмайды. Өйткені торларға сүйкенгенде бала құлап кетуі орын алуы мүмкін. Бұдан бөлек мынандай жиһаздарды терезе алдына қоюды болмайды стол болсын орындаық болсын болмаса диван болсын бала осы арқылы терезе алдына шығып кетуі мүмкін,-дейді Асқар Абишов, ЖО ТЖД азаматты қорғау майоры
Соңғы елімізде 5 жылда 150 ден аса бала терезеден құлап көз жұмған. Сондықтан мамандар салғырт қарамауды, қауіпсіздікке мән беруді ескертеді.