QOǴAMStorytellingЭкономика

ТҮЙМЕКЕНТТЕ ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

Жамбыл облысында ауыл жолдары біртіндеп жөнделіп жатыр.Былтыр «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша 74 жоба іске асты. Ал биыл 215 жоба қолға алынды.Ауыл ішілік жолдары жаңарып жатқан аудандардың бірі Байзақ ауданы. Түймекент ауылының тұрғыны Нұрсұлу Есенбаева 50 жылдан бері жолдың азабын тартып келе жатырмыз дейді. Жұртқа әсіресе көктем мен күзде қиын.

– Жол жоқ кезде мынау балаларымызға өте қатты қиын болды. Асфальт жоқ, жер құммысалыүшін. Ауылдық жер ғой балам. Енді ауылдық жерде мектепке бару үшін үсті басы лас болып баратын мектепке. Такси жоқ. Бұлжаққа такси келмейді,-дейді Нұрсұлу Есенбаева, Түймекент ауылының тұрғыны.

Ауыл тұрғындарының жылдар бойғы мәселесі биыл шешіледі. Елді мекенде 28 көше бар. Оның 22 не биыл асфальт жабыны төселіп жатыр.Оның алтауында бұған дейін асфальт болған. Енді міне биыл бюджеттен 400 млн теңге бөлініп қалған көшелер осындай тақтайдай тегіс күйге енбек. Ал бұған ауыл тұрғындарының айтар алғысы шексіз. Мердігер компания жол төсеу жұмыстарын қазан айына дейін бітірмек. Қазірмұнда 20-ға жуық техника жұмысістепжатыр.

– 2020 жылы Қарлығаш балабақшасын күрделі жөндеуден өткізген болсақ, 2021 жылы Түймекент орта мектебі, 2022 де амбулаториямыз салынды. Түймекент спорт кешеніжәне де Сейфуллин орта мектебі салынып мемлекеттік мекемелердің барлығын күрделі жөндеуден өткізгеннен кейін бізде тек қанақалған проблема осы жолболған. Аллаға шүкір биыл ауылымыздың барлық көшелері екі елдімекен 100 пайыз асфальт болады,- дейді Қанат Смағұлов, Түймекент ауылдық округінің әкімі

Биыл Байзақ ауданында ауылішілік 80 көше жөнделіп жатыр. Оған жергілікті және республикалық қазынадан 1,2 млрд теңге бөлінді. Айта кетерлігі ауданда 6 ауылды аудан орталығымен байланыстыратын тас жолға орташа жөндеу жасалуда. Жалпы Жамбыл облысында биыл 800 шақырымға жуық жол жөнделеді. Мамандардың мәліметінше, жол жөндеу жұмыстарына 24,7 миллиард теңге қаралған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *