AGROBIZNESStorytellingАймақЭкономика

ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ: ҚАНША ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ?

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жастарға жеңілдікпен шағын несие беру тетігі іске қосылған.

Биылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша 5,3 мыңнан астам өтінім түсіп, 3 344 жоба мақұлданды.

2 577 жобаны іске асыруға 11,4 млрд теңгеге несиелер берілді. Қалған жобалар қаржыландырылу үстінде.

Несие алушылардың басым көпшілігі – мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы жобаларды іске асырушылар.

Несие 21-35 жас аралығындағы азаматтарға өз кәсібін ашу немесе оны кеңейту үшін беріледі.

Биыл 29 млрд теңге сомасына 5 796 шағын несие беру жоспарланып отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *