МЕКТЕПТЕР ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫН БА?
10 күннен кейін барлық білім ордаларында жаңа оқу жылы басталады. Биыл Жамбыл облысына 4,4 миллиард теңге бөлініп 17 білім ордасында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұған дейін өңірдегі бірқатар мектептер құрылысы кешеуілдеп жатқанын айтылған еді. Араға бір айға жуық уақыт өтті. Саламат Рахмет білім ұяларындағы құрылыс жұмыстарының қалай жүріп жатқандығын көзбен көріп қайтты.
Тараз қаласындағы нөмірі 40 мектеп-гимназиясында қазір күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оған 230 млн теңге бөлінген. Оқу жылының басталуына бір жеті қалсада жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін аяқталмаған. Мердігер компания өкілі мен жауапты мамандар келісім бойынша әлі уақыт бар екенін жеткізді. Бір аптада 100 пайыз жұмысты толық аяқтаймыз деп отыр.
Білім басқармасының мәліметінше, облыста 6 мектептің құрылысы жаңа оқу жылына дейін аяқталмай қалуы мүмкін. Себебі мемлекеттік байқау баяу өтіп, құрылыс жұмыстары кеш басталған.
– 40 гимназия бойынша соңғы жұмыстар жүргізіліп жатыр 1 сентябрге бұлар толық боламыз деп айтып отыр/ облыс бойынша алты мектеп бар 1 қыркүйекке үлгермейді оның себебі жұмыстар кеш басталғандықтан 1 қыркүйекке үлгермейді,- дейді Тасболат Төлегенов, ЖО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы
Айта кетерлігі, биыл облыста жаңа 17 мектеп пен 8 қосымша ғимараттың құрылысы басталды. Оған республикалық бюджеттен 23,1 миллиард қаржы бөлінді.