Storytelling

«ALMATYREGION.TRAVEL» ВЕБ-САЙТЫ ҚОСЫЛДЫ

Алматы облысының іс-шараларын қамту үшін аймақта «ALMATYREGION.TRAVEL» веб-сайты қосылды. Сайтта туристер үшін облыстың туристік әлеуеті, табиғи, тарихи, мәдени туризм объектілері туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қажетті ақпарат алуға мүмкіндік бар.

Алматы облысының 32 елді мекенін 3D форматында көруге болатын жоба жүзеге асырылуда, оның аясында облыстың, атап айтқанда барлық ғимараттар мен құрылыстар, жасыл желектер, инженерлік коммуникациялар және ең бастысы – фотореалистік моделін көруге болады. Сонымен қатар, жоба аясында аналитикамен, диаграммалармен және құралдармен тематикалық карталар жүзеге асырылады.

Алматы облысының туристік әлеуеті туралы 4К форматында туристік бейнеролик шығарылды. Облыстың туристік индустриясын цифрлық картографиялық сервистерде, әлеуметтік желілерде, интернет-сайттарда индустрия объектілерін/субъектілерін орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
Облыстың туристік көрікті жерлері туралы ақпарат республикалық және жергілікті маңызы бар трассаларда сыртқы жарнама құралдарында орналастырылған. Туристік дестинацияларында, Қонаев қаласын қоса алғанда «discover Almaty region» навигациялық жүйесі әзірленіп, орнатылған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *