Storytelling

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Жамбыл Грэс жұмысымен танысты. Алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтады. Биыл бұл жұмыстарға бюджет қаржысынан 9,8 млрд теңге бөлінсе, кәсіпорын тарапынан 6,1 млрд теңге қарастырылып отыр.

Жамбыл грэс қызметінің негізгі түрі электр және жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және өткізу. Станцияның алғашқы блогы 1967 жылы қарашада іске қосылған. Жобалық қуаты-1230 МВт. Жауаптылардың айтуынша, жабдықтардың тозу деңгейі-30,4%. 578 адам қызмет ететін кәсіпорында қазір жылыту маусымына 6 блок дайын. Бірақ -5 еуі ғана іске қосылады.. Себебі, техникалық салқындатқыш сумен қамтамасыз етіліп, пайдалану нұсқаулығы бойынша резервте болуы керек.

Айта кетейік, өңірде 9 кешен, 593 автономды қазандық жұмыс істейді. 1700 ден астам әлеуметтік нысан мен 1600 ға жуық көпқабатты тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етеді. Жақында кезекті кеңесте Нұржан Молдиярұлы жылу желілерін жөндеу жұмыстарын 15 қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырған еді. АЛ білім беру нысандарының 1 қыркүйекке дейін, көпқабатты тұрғын үйлердің 20 қыркүйекке дейін 100% дайын болуы тиіс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *