ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
Соңғы жылдары мектеп пен балабақша психологтары жұмысының маңызы мен жауапкершілік жүгі арта түсуде. Тұған қоғамда орын алып жатқан түрлі жантүршілгерлік оқиғалар себеп. Осыған орай, «Анаға тағзым» орталығында «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында мектеп психологтарының облыстық ғылыми-тәжірбиелік конференциясы өтті. Жиынға қатысушылар балаларға қатысты бірнеше тақырып төңірегінде қызу пікір алмасты.
Баланың мінез-құлқының өзгеруі, гаджетке тәуелділік, суицид жасау. Қала берді ата-ана мен жеткіншек арасындағы бітпейтін дау. Бұл бүгінгі қоғамда бар көрініс. Бұл орайда мамандардың ойы бір жерден шығып отыр. Бәрі мектеп психологтарының жұмысын жетілдіру керек. Білім ошағының табалдырығын аттаған оқушының қас-келбетінен-ақ мәселенің бар жоғын анықтап, тілдесе білсе оқыс оқиғалардың алдын алуға болады дейді, мамандар.
– Бала эмоцианалды көңіл күйдің иесі. Үйінде болған ұрыс керіс немесе тағы да бір оқиғалар баланың бет әлпетінде қалқып шығып тұрады. Қабағынан тануға болады. Біз соны көре білуіміз керек, біз соны тани білуіміз керек және сол баламен арты жаңағы оқиғаға алып келмес үшін алдын алып жұмыс жасап ата-анасын шақырып баласының артнан қағып, басын сипап отырып қалыпты психологиялық қалыпқа түсіру.-дейді Мәди Мәтен, Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы
Бұл орайда ата-аналардың бала өміріндегі рөлін айқындауы да маңызды. Оған көңіл бөлу, сырласу, кез-келген жағдайда қолдау көрсететіндігін ұғындыру керек дейді, психологтар. Яғни арада тығыз қарым-қатынас болмаса, жасөспірім мәселенің шешімі – суицид деп түсінеді.
– Суицитке байланысты былтыр 8 фактор биыл 8 фактор әлі азаймай тұр қандай жұмыс жүргізсекте. Өйткені бұл тәрбие деген мәселе терең оған бір күнде қол жеткізе салу қиын білесіздер өздеріңіз. Сондықтан да оған уақыт керек Ол үшін біз жақсылап еңбек етуіміз керек,-дейді Мейірхан Өмірбек, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы
Белгілі болғандай биыл психологтардың білімін жетілдіру үшін 25 млң теңге қаражат қарастырылған. Осы жылы 500 ден асатын мамандардың тең жартысы кәсіби біліктіліктерін арттыратын болады.