Storytelling

«RED FEST» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында «Болашағы зор тағы бір бағыт IT- технологиялар» деп атап айтқан. Бүгінде облыста бұл бағыт қарқынды дамып, мектеп оқушылары арасында жарыстар мен фестивальдер жие ұйымдастырылады. Мысалы  кеше оқу орталығында мектеп оқушылары арасында робототехника фестивалі өтті.  Атылмыш іс-шараға  1-11 сынып оқушылары қатысып. жалпы облыстық кезеңде 360 мектептен мыңға жуық бала бақтарын сынады. Бұл туралы «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі хабарлайды.

№64 орта мектеп базасында ұйымдастырылған фестиваль гибридті форматта онлайн және офлайн өтті. Қатысушылар белгіленген уақыттан олимпиадалық тапсырмаларды орындап, максималды ұпай жинауға тырысты. Айта кету керек, облыстық кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері 2024 жылдың күзінде Астанада Әзербайжан, Өзбекстан, Беларусь және басқа да елдер командаларының қатысуымен өтетін халықаралық фестивальге жолдама алады.

  • Қазақстан халқына қорының қолдауымен және біздің компания ат салысып қазақстандық 362 мектепке робототехника жинақтары тегін түрде берілген болатын. Соның ішінде Жамбыл облысының 20 мектебі осы робототехника наборларын тегін түрде алды. негізінен берілген ауыл мектептеріне берілді. Сонымен қатар моноқаладағы мектептерге-,дейді «ARMAN HOLDING» компаниясының жоба менеджері Саламат Жайлыбаев.

 Қазақстан робототехника саласында әлемдік көшбасшы болмаса да, кәсіпорындардың өндіріске заманауи технологияларды енгізуге және заманауи технологияларды қолдануға мүмкіндігі бар. Бұл мамандарды дайындауды талап етеді. Шынымен бізде мамандар жеткіліксіз. Персонал көп нәрсені шешеді және роботтық шешімдер құнының үлкен үлесін интеграция, яғни нақты салаларда жабдықты тікелей орнату және бейімдеу алатыны сөзсіз. Жәнеде бұл көптеген жоғары білікті мамандардың жұмысы екенін айта кеткен жөн. Осы тұрғыдан алғанда, білімге салынған инвестиция ұзақ уақыт бойы үлкен әсер етуі мүмкін.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *