Storytelling

«ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР» ФОРУМЫ ӨТТІ

Бүгін облыста алғаш рет Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастырумен «Жас мемлекеттік қызметшілер форумы» өтті. Оған 18 бен 35 жас аралығында саладағы 500 ден астам мемлекеттік қызметші қатысты. Форумда аға буын өкілдері өз кеңестерімен бөлісіп, жастарға сәттілік тіледі.

Форумды облыс әкімі аппаратының басшысы М.Мәтен ашып, жас мемлекеттік қызметшілерді биік мақсаттарға ұмтылдырып, елдің ертеңі жастардың қолында екенін атап өтті. Жиынның мақсаты өңірдегі мемлекеттік қызметтің оң имиджін одан әрі көтеру, нағыз адами қасиеттерге ие тұлға ретінде қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ, Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтап, Президенттік жастар кадр резервіне үшінші іріктеу кезеңі қыркүйек айында басталатыны айтылды.

– Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1-қыркүйектен бастап 30 қыркүйекке дейін қабылданады. Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғарғы білімі бар, 5 жыл жалпы жұмыс тәжірбиесі бар, қазақ тілін еркін меңгерген яғни В1 деігейінен кем емес азаматтар қатыса алады. Егеменді еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосамын деген жастарға берілетін үлкен мүмкіндік және президентіміздің бірегей жобасы деп айтуға болады,-дейді Лесбек Ілебаев, ҚР мемлекеттік істері агенттігінің жоб департаментінің басшысы

Жас мамандардың қызметке көптеп келуі көңіл қуантады дейді ұйымдастырушылар. Себебі, қазіргі заман талабы жауапты, парасат пайымы жоғары жастар болып отыр. Әрқайсысы өз қызметіне адал болса, мемлекеттің де мерейі үстем болары анық. Жас сала өкілдері бір-бірімен тәжірибе алмасып, жаңа тың ақпаратқа қанық болдық дейді.

Бұдан әрі бірқатар мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметке қосқан елеулі үлестері үшін марапатталды. Форумның алғашқы күні өткен «Ой шебері» атты командалық интеллектуалдық сайысына өңіріміздің жеңімпаз атанған жас мемлекеттік қызметшілер, үздік мамандар, «Үздік ауыл әкімі» де марапаттан тыс қалмады. Екі күнге жалғасқан «Жас мемлекеттік қызметшілер форумы» түрлі концерттік бағдарламалармен жалғасты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *