ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТА ТҮСПЕК
Бүгін Тараз қаласының әкімі Б.Орынбеков Қытай қаласының Хух-Хото жерінен келген делегацияны қабылдады. Кездесу барысында экономикалық және достық қарым-қатынасты одан әрі дамыту туралы хаттамаға қол қойылды.
Тараз қаласы Хух-хото қаласымен бауырластықты нығайту арқылы әлеуметтік, мәдениет,туризм салаларын дамыту үшін бірлесіп инвестициялық жобалар іске асырмақ. Айта кету керек бүгінгі күні шаһар көптеген елдермен тығыз байланыс орнатқан.
– Бүгін мінекей сіздер мен Жамбыл облысында Тараз қаласында оның ішінде сіздер мен экономикалық мақсатында арттыру сатысында тұрмыз. Тараз жері күні бүгінге дейін әлемдік бір қатар қалалармен бауырластықты сақтап ұлт аралық достықтың нығайтуына өз үлесін қосып келеді,-дейді Бақытжан Орынбеков,Тараз қаласының әкімі
Өз кезегінде Хух-хото қаласынан арнайы келген қонақтар Тараз қаласына деген ерекше қызуғышылықтары бар екендігін жеткізді. Қай сала болмасын мүмкіндіктерді пайдалана отырып шаһардың дамуына өз үлесімізді қосқымыз келеді дейді.
– Құрметті қала әкімі және орынбасарлары сіздердің Тараз қаласына келгеніме өте қуаныштымын. Тараз қаласы өзінің көне тарихымен белгілі. Бұл сапар екі қала арасындағы достықпен ынтымақтастық қарым қатынасты нығайтуға экономикалық мәдени білім беру және де басқа қалалардағы іскерлік алмастырулар ынтымақтастықты одан әрі ілгерлетуге ортақ дамуға жәрдемдесуге бағытталған іс сапар,-дейді Ван Синьой, Хух-Хото қаласы мэрінің орынбасары
Жалпы, қос тарап 2023-2024 жылдары жалпы құны 12,3 млрд теңгені құрайтын 5 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлап отыр. Игі бастама қолға алынса 800 ге жуық жаңа жұмыс орындары құрылмақ.