9 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
Жамбыл облысында жыл басынан бері 9 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылған. ҚР МҚІА ЖОБ департаменті басшысының міндетін атқарушы Руслан Шәріповтің айтуынша мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін 1 қызметші жылы орнынан айрылған. Ал 7-не қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту беріліпті. Әдеп нормаларын бұзғаны үшін тағы 1 қызметші «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза алған.
Жалпы жыл басынан бері Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен түрлі мәселелер бойынша 30 жеке қабылдаулар ұйымдастырылып, онда барлығы 83 азаматтың талап-тілегі тыңдалған. Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы және әдеп нормаларын түсіндіру бойынша 43 іс-шара өткізіліпті. Осы жылдың 6 айында барлығы 526 тәртіптік жаза қолданылған.
– Мемлекеттік органдардың 14 басшы лауазымдағы қызметкерлері бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 8 – құқық қорғау органдарының, 5 – орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, 1 – жергілікті атқарушы органдарының басшылары-дейді Руслан Шәріпов, – ҚР МҚІА ЖОБ департаменті басшысының м.а.