ПАРА ЖҮЗУДЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
Бүгін тараздықтар аара жүзуден әлем чемпионатынан жеңіспен оралған жерлесімізді күтіп алды. Еске сала кетсек, 31 шілде – 6 тамыз аралығында Манчестер қаласында өткен байрақты бәсекеге әлемнің 70 мемлекетінен 600-ге жуық спортшылар қатысқан еді. Жарыста Қазақстан құрама командасынан 5 үздік спортшы ел намысын қорғады.
Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша жамбылдық жүзуші Жұмағали Нұрдаулет 100 м брасс қашықтықта 2 орынды иеленген еді. Осылайша ол 2024 жылы Париж қаласында өтетін XVIІ жазғы Паралимпиада ойындарына қатысуға лицензияны жеңіп алды. Бүгін туған жеріне оралған спортшы жеңіс жолының оңай болмағанын жеткізіп, қуанышын білдірді.
– Екінші орынғада шүкіршілік етіп қуанып жатқан жағдаймыз бар. Енді АЛЛА қаласа алдымызда азия ойындары бар қытайда келесі жылы парижде олимпияда сол жақта топ жарсақпа деген үміттеміз,-дейді Нұрдаулет Жұмағали, жүлдегер