Storytelling

«ECOLOGY IANDING» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Меркі ауданында «ECOLOGY IANDING» жобасы іске қосылды. Бұл бастама өзен-көлдердің жағдайына көңіл бөліп, суға қатысты мәселелердің шешілуіне ықпал етпек. Жоба авторы меркілік Жансая Үсербаева қазір эко көшбасшылардың санын арттыру өте маңызды дейді.

– Жоба авторы ретінде Абай атамыз айтпақшы үш ақ нәрсе адамның қасиеті ыстық қайрат нұрлы ақыл жылы жүрек демекші қазіргі таңда жобаның мақсаты ауылдық окруктегі өзен көлдердің көзін ашу және де өзінің ауылына экологиясына махаббаты мен сүйіспеншілігін арнайтын экокөшбасшы десантшылардың санын арттыру болып табылады,-дейді Жансая Үсербаева жоба авторы

Шараға түрлі зиялы қауым өкілдерімен қатар ауыл жастары белсене қатысты. Мамандардың айтуынша жоба еріктілер мен жасыл елге тартылған жұмыссыз жастар арасында жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

Шара соңында жоба аясында еріктілерге алғашқы жұмыс бағыты көрсетілді. Экодесантшы жастар қатары бұлақ көздерін ашып, санитарлық-тазалық жұмыстарын атқарды .

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *