Storytelling

БАЛЫҚ – БАЙЛЫҚТЫҢ КӨЗІ

Жамбыл облысында бұған дейін егін егіп, диқаншылықпен айналысқан «Ислам» шқ бұлақ суынан жиналған бассейінде 200-350 мың форель шабағын өсіріп отыр. Диқан ауылының сыртындағы тоғанда орналасқан бассейнде «форель» балғының «кемпірқосақ» деп аталатын түрі өсіріледі. Бастапқыда кәсіп иелері екі және бір айлық шабақтарды Алматыдан әкеліп жіберіпті. Қазір өздері өнімдерін нарыққа шығарып отыр. Жылы бассейнде жылына 50 тоннадай балық ауланады. Облыста алғашқылардың бірі болып осы істі бастаған азаматтар алдағы уақытта кәсіптерінің көкжиегін кеңейтпек. Қазіргі таңда
Кәсіпкерлер балы өсірілетін 5 бассейннің құрылысына 40 млн теңгеге сомманы шамасында қаржы жұмсады. Енді кәсібін кеңейту үшін «Даму» қоры арқылы 20 млн алуды көздеп отыр. Тағы 2 бассейін құрлысын қолға алады. Алдағы уақытта осы аумақта демалыс орны құрылады деп жоспарланып отыр-, дейді Ақсай ауылдық округінің әкімі Мақсат Мәтен.
Форель – ерекше күтімді қажет етеді. Берілетін жем мен бассейн суы үнемі бақылауда болуы тиіс. Судың тазалығы да маңызды. Бір жағынан құйылып жатса, екінші жағынан арна қуалап ағып кетеді-дейді мамандар. Даму жоспарымен бөліскен шқ өкілдеріне жергілікті билік барынша қолдау көрсетеміз деп отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *