ЕЛІМІЗДЕГІ АЖЫРАСУДЫҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ АТАЛДЫ
Қазақстанда заңды неке қию мен ажырасу көрсеткіші төмендеген. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті.
«Отбасы туралы ұлттық баяндамаға сәйкес азаматтардың 95,4% отбасылық қатынастарды қолдайды. Ұлттық статистикасына сәйкес 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда некеге тұру 5,9%, ал ажырасу 5,3%-ға азайды», – деді Аида Балаева Сенатта өткен Үкімет сағатында жасаған баяндамасында.
Сонымен қатар министрдің ажырасудың негізгі себептерін атады. Ол – ішімдікке салыну, ерлі-зайыптылардың біреуінің нашақорлығы – 61,7%, тұрмыстық зорлық-зомбылық -51,1%, сенімсіздік – 0, 47%, лудомания-38,4%.
«Жүргізілген зерттеуге сәйкес, қазақстандықтар көрсеткен ажырасудың себебі (20%) бала туа алмау, әрбір 6-шы отбасы осындай жағдайға тап болып отыр», – дейді ол.