BİLİMStorytelling

ТАРАЗДА МАТЕМАТИКА ЖҮЙРІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Таразда «ZERDELI» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен өткен республикалық білім сайысы өз мәресіне жетті. Байқауға еліміздің 10 өңірінен жыл бойы математикалық қабілеттерін шыңдаған 700-ге жуық бала қатысты деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.     

Зерделі Олимпиадалық академиясының мақсаты оқушылар арасында математикаға қабілетті балаларды анықтау, олимпиадалық резервті қалыптастыру болып табылады. Ал «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының директоры Мәуіт Ырысбектің айтуынша, бәсекеде топ жарып, жеңімпаз атанған оқушыларға Iphone ұялы телефондары мен басқа да бағалы сыйлықтар табысталады.  

– «Кіл мықтыдан, кім мықты»-, деген сияқты бұл жерде Қазақстанның намысын қорғауға Америкаға кетіп бара жатқан тараздық оқушымыз да ба. Өзбекстанның халықаралық олимпиадасынан бас жүлде алып келген оқушымыз отыр. Сондықтан әр өңірден мықты деген балалар Тараз қаласына келіп, 3-4 күндік бір жағы лагерь, бір жағы есеп шығару жарысы балалар үшін үйрену де демалыс та болды деп айта аламыз-, дейді  Мәуіт ЫРЫСБЕК          «ZERDELI» АҚЫЛ-ОЙ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

 3, 4, 5 сынып оқушылары арасында өткен сайыс Тараз қаласында алғаш рет өткізіліп отырған ең ауқымды жобалардың бірі,- дейді ұйымдастырушылар. Сондай-ақ аталмыш байқауда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары, әйгілі математик Асқар Жұмаділдаев пен өзге де белгілі тұлғалар қонақ болып, балақайлардың білімін деңгейін бақылады. Бүгінгі жарысқа арнайы дайындықпен келгендердің қатарында жас математик Аманбай Иманғали да бар. Ол осы конкурсқа қатысу үшін бір жыл бойы дайындалдым-, дейді.

Біздер үшін осындай жарыстардың өтуі білімімізді тексеріп қана қоймай, алға ұмтылуымызға септігін тигізеді. Өзім математика пәнән қатты жақсы көремін. Сондықтанда математикадан жеке жарысқа қатыстым. Жалпы осы конкурсқа қатысу үшін үздіксіз бір жыл бойы дайындалдым. Сенімім ақталды. Бүгін бағым жанып, iphone ұялы телефонын ұтып алдым. Бәріне рақмет-,дейді жарыс жеңімпазы Аманбай ИМАНҒАЛИ.

         Айта кетейік «Zerdeli» ақыл-ой дамыту мектебінің негізі 2014 жылы қаланған. Мектеп 5 бағыт бойынша жұмыс істейді. Мұндағы ұстаздар республика көлемінде педагогтерге семинар-тренингтер өткізіп, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға зор үлес қосып келеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *