Storytelling

АНТИКОР ЕРІКТІ БОЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

Антикор ерікті болуға шақырады. Енді кез-келген азамат сыбайлас-жемқорлық дерегі туралы ақпар білсе, шара қолдануға мүмкіндігі бар. Ол үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер болсаңыз жеткілікті. Сіздің дәлелді шағымға жауапты орган дер кезінде шара қолданады.

Жамбыл облысында да «сыбайлас жемқорлыққа қарсы» волонтерлік жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, өзге де ұйымдарды жемқорлыққа қарсы іс-шараға волонтер ретінде тарту. Яғни,ерікті азамат бармақ басты көз қысты әрекеттерге куә болса арнайы уәкілетті органдарға хабарлап тоқтау сала алады.

– Мына жерде мысалы заңсыз құрылыс соғылған немесе жаңағыдай мына жерде суды заңсыз сатып жатыр дегендей әр түрлі мәселелерді көтередә халық. Дегенмен қайда барып оны мысалы антикордық өзіне қалай жеткізетінінде білмей жататын бұл үлкен мүмкіндік енді сіздер үшін,- дейді Назым Дәрменқызы, «әділдік жолы» рқб жобф жетекшісі

Халық, мемлекеттік сатып алудан бастап, өңірде қордаланған әлеуметтік маңызы бар мәселерге араласа алады. Тіпті мемелекеттік мекемелер қызмет көрсету сапасына көңіліңіз толма әр есікті бір қағып әуре болмайсыз. Тек өз міндетін дұрыс атқармаған қызметкер жайлы бірден хабарласаңыз жеткілікті.

Волонтер болу үшін, агенттіктің аумақтық департаментіне келіп немесе өтініш почтасы арқылы өтініш бересіз. Мамандардың айтуынша жоба еріктілері әр бағытқа бөлінеді. Алайда, 6 айдан астам уақыт ішінде сіз волонтерлік қызметтіңізді жүргізбесеңіз бұл тізімнен шығып қалуыңыз мүмкін.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *