ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Тура бір айдан соң, жазда аяқталады. Алайда өңірде әлеуметтік салаларда жылыту маусымына дайындық жұмыстары енді ғана басталмақ. Жауаптылардың сөзінше, барлық қажетті құжаттар кеш дайын болған. Білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет салалары бойынша мамандар тозығы жеткен жылу желілерін жөндеп үлгереді ме? Аппараттық кеңесте талқыланған мәселе турасын ҚҰралай Нұрланқызы тарқатып айтады.
Жылыту маусымына дайындықты кеш бастағалы тұрған салалар тізімінде денсаулық сақтау басқарамасы да бар. Өңірдің бас дәрігері 389 нысанды көмір, табиғи газбен толық қамтыдық дейді. Алайда Меркі, Шу, Жуалы, Сарысу аудандарында жылытуға арналған пештер әлі сатып алынбаған. Әрі жөндеуді қажет етеді. Жанар Оспанова тірліктің тұалауын жобалық-сметалық құжаттардың кеш әзірленгендігімен байланыстырды.
– Шу ауданында 2 дана табиғи газбен жылытылатын пеш қажеттілігі анықталып, жобалып сметалық құжаттар әзірленіп, бюджетке өтінім берілді. Сонымен қатар Сарысу ауданындағы Саудакент ауылдық аурухана қазандығына аурухана есебінен 2 пеш сатып алынды. Қазандықты күрделі жөндеуден өткізуге 12 млн теңгегег жуық қаражатқа бюджеттік өтінім тапсырылды,-дейді Жанар Оспанова, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Сала бойынша биыл аудандардағы жөндеу жұмыстарына 200 млн теңге көлемінде қаражат бөлінген. Аудандық жергілікті билік алдағы жылыту маусымына қажетті табиғи газ, дизель отыны мен көмір қоры дайын екендігін айтады. Жалпы облыста 37 спорт нысаны да табиғи газға қосылмақ. Бірақ, Нұржан Молдиярұлы биылғы жылғы жұмыстың нәтижесіз екендігін айтып, басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің жұмысын сынға алды.
Жауаптылар қыркүйек айының соңына дейін барлық жөндеу жұмыстарын аяқтаймыз деп отыр. алайда Облыс басшысы 15 қыркүйекке дейін уақыт берді. Білім нысандары 1 кыркүйекте, көпқабатты тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындық жұмыстарын 20 кыркүйекке дейін аяқталуы тиіс деді. Сонымен қатар коммуналдық қарыздарды өтеу бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қажет болған жағдайда әкімшілік шараларды қабылдау жөнінде нақты міндеттер жүктеді.