Storytelling

БИЫЛ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА – 95 ЖЫЛ

Биыл Жамбыл ауданының 95 жылдығы. Осыған орай “Мәдениет – асыл қазынам” тақырыбында ауданның мәдениет күндері өтті. Мәдени шара Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталды.

Мәдениет күндерін биылғы жылы сараптау комиссиясы әр ауданның мәдениет саласы бойынша жетістігін бағалап, соңында қорытындысын шығаратын болады. ал қазылар алқасы құрамында Облыстық халық шығармашылығы орталығы, кітапхана, музей өкілдері мен музыка, би мамандары қамтылған.

– Өңірімідің мәдени рухани өмірінде маңызы зор нысандар пайдалануға берілуде. Халықтың мәдени рухани сұранысын қанағаттандыру мақсатында өткен жылы облыс көлемінде 1 нысанның құрылысы жүргізіліп 5 мәдени нысаны ағымдағы жөндеуден өтті. Биылғы жылы 3 мәдениет нысанның құрылысын бастауға бюджеттен 378млн тенге бөлінді. Бұл нысандар 2024 жылдың аяғына дейін пайдалануға берілетін болады,-дейді Абдалы Нұрәлиев, облыстық маслихат төрағасы
Мәдениет күндерінің аясында ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Кәсіпкерлер тауарларының сатылымы, қолөнер, қылқалам шеберлері туындыларының көрмесі де ұйымдастырылды. Ұлттық спорттық ойындар көпшілік назарына ұсынылды.

Сонымен қатар, Үздік деп танылған өнерпаздардың қатысуымен жыл соңында Тараз қаласында Гала-концерт ұйымдастырылады. Бас жүлде иеленген ауданға автокөлік және жүлдегер аудандарға түрлі бағалы сыйлықтар табыс етілетін болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *