Storytelling

ОБЛЫСТА 41 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Жыл соңына дейін облыста 41 көпқабатты үй пайдалануға берілмек. Бұл туралы бүгін брифингте облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов мәлімдеді.

Спикердің айтуынша биыл 24,7 млрд теңгені 68 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізілуде. Жақын арада 41 үй пайдалануға берілмек. Ал, бүгінге дейін 19 үйдің құрылысы толық бітіпті. «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 121 жеке тұрғын үй салу жоспарда болған. Нәтижесінде 71 үй пайдалануға берілген. 44 үй алдағы мерекеде салтнатты түрде берілмек.

Ерболат Ибрайханов ЖО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қаңтар – қараша айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 101,6% орындалды (174,6 млрд.тг.).Пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемін осы жылы               689,0 мың.шм орындау жоспарлануда. Оның ішінде: 192,9 мың шм – 28,0% бюджет қаражаты, 496,1 мың шм – 72,0% жеке инвестиция есебінен. Қаңтар – қараша айының көрсеткіші 100,0%-ға (598,7 мың ш.м.) орындалды. Бүгінгі күнге облыс бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне 36 566 азамат тіркелген

 

Айтпақшы, облыстағы 274 елді мекенге табиғи газ кірген. Еске салсақ, Президент жолдауында «2025 жылға дейін барлық ауыл-аймаққа көгілдір отынға толық қосылуы керек» деген тапсырма берген еді. Біздің аймақта да бұл жұмыстар жүйелі жүруде. Ендігі 3 жыл ішінде 97 ауыл көгілдір отынмен қамтамасыз етілетін болады. Соңғы 3 жыл ішінде облыста  53 ауылға ауыз су кіріпті.

Ерболат Ибрайханов ЖО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Тиісінше, 2022 жыл қорытындысымен қалалардағы орталықтандырылған ауыз сумен қамту 92,4%-ға жетсе, ауылдық елді мекендерде бұл көрсеткіш – 92,7% құрайтын болады. Ауыз сумен қамтудың жоспарына сәйкес 2025 жылы облыс тұрғындарын 100 пайыз сапалы таза ауыз сумен қамту көзделген

 

Өзекті мәселенің бірі сұйылтылған газдың жоқтығы. Көлік жүргізушілері газ таппай сенделіп жүрегені желіде жарияланған еді.  Мәселені шешу үшін министрлік Жамбыл облысы үшін – 4 983 тонна сұйытылған мұнай газын бөліпті.

 

Ерболат Ибрайханов ЖО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

желтоқсан айына «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС-нен  500 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінуде.Қазіргі уақытта Жамбыл облысы бойынша 1 300 тонна сұйытылған мұнай газы қалдығы бар. Қазіргі таңда 7 вагон-цистернада 252 тонна облысқа келуде. Бұл мәселе күнделікті бақылауда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *