Storytelling

ҚОРДАЙДАҒЫ ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕЛЕР

Облыс әкімінің аудандарға жұмыс сапары жалғасып жатыр. Бұл жолы аймақ басшысы Қордай ауданына арнайы барды. Алдымен Халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа ғимаратымен танысып, кейін су тапшылығын жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын пысықтап қайтты.

Қордай ауданындағы 2007 жылы ашылған халыққа қызмет көрсету орталығы бір шама тар болып тұрғындар сұранысын қанағаттандыра алмаған. Соған сәйкес, өткен жылы құрылысы басталған орталықтың жаңа ғимараты жақында ғана пайдалануға берілген. Жаңа әрі кең ғимарат 5 қызмет көрсету секторына, атап айтқанда жылдамдық, әлеуметтік қызмет, жайлылық, байланыс және өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарына бөлінген. Барлық сектор қажетті жабдықтармен қамтылған.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Қайнар ауылы аумағындағы 3800га алқапты сумен қамтамассыз ете алатын су құбырын салу жобасымен танысты.Шамамен 3 млрд теңгеге 3 сусорғы салынып, 8 шақырымдық құбыр тарту көзделген. Сусорғы станциясының жылдық қуаты – 5 млн. текше метр. Жұмыс 5 айда аяқталады деп жоспарланған. Бұл орайда облыс әкімі шаруаларға қажетті су көлемін жеткізудегі маңыздылығына тоқталды.

– 2 водохранище бар ғой каз сушар істеп жатқан осы жұмыстар бітсе принцпе қордайда проблеманы более меньше шешеміз осы төрт жобаны іскне асырсақ 2 водохранище 2 насосный станция сонда Қордай ауданы мәселесін шешеміз,- дейді Нұржан Нұржігітов, Жамбыл облысының әкімі

Сондай-ақ жұмыс сапары барысында облыс әкімі Сарыбұлақ, Қайнар ауылдарында су мәселесін шешу мақсатында Шу өзенінен тартылған арнаны да көрді. Алдағы уақытта 1,7 шақырымды құрайтын канал арқылы алты шаруа қожалықтың 1000 га астам алқабы сумен қамтылмақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *