Storytelling

КӨШЕГЕ ҚОҚЫС ТАСТАМА!

Күл-қоқыс тастаған азаматтар айыппұл арқалайды. Тұрмыстық қалдықтар, қала берді құрылыс материалдарын жөн-жосықсыз жол жиегіне үйіп қоятындар қалада жетерлік. Дәл сондай тұрғындарды анықтау мақсатында қалада арнайы рейд жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін мамандар 600 ден астам дерек тіркеген.

Тазалық жұмыстары жыл он екі ай жүргізілсе де қала сыртында қоқыс үйінділері жетерлік. Басты себеп –тұрғындардың салғырттығы. Мамандар соңғы 3 айда 598 азаматқа ескерту жасаған. Десе де жаз бастала сала баспанасын жөндеуге кірісетіндер көп. Олар қалдықтарды қажетті орындарға апаруға асықпайды. Бұған Көшек батыр көшесіндегі мына бір көрініс дәлел.

Тексеру жұмыстары нәтижесінде 25 тұрғынға 500 мыңға жуық теңгеге айыппұл салынған. Мамандар сөзінше, алдымен ескерту беріледі. Құлақ аспаған жағдайда ғана қажетті сомманы төлеуге міндеттеледі.

– Бұл жерде қазір арық системасында үлкен мусорды тастаған. Оны алдырттық ескерту жасап. Енді есігінің алдына құрылыс материалдарын жинап қойған. Біз қазір учаскелік инспекторлар мен күнделікті жұмыс жасап жатырмыз. Бұл кісілер қазір ескертуді берді. Енді 3 күннен соң бұл құрылыс материалдары алынбаса бұл кісілерге, бұл тұрғындарға айыппұл салынады. Енді бұндай жұмыс қала бойынша жүріп жатыр,-дейді Әмірхан Қанаев, Тараз қаласының №3 аумақтық округының бас инспекторы

Жалпы қалада 11 округ бар. Олардың барлығында қазір дәл осындай тазалық жұмыстары жүргізіліп отыр. Өз кезегінде инспекторлар халықты қоқыс тастамауға, көшенің тазалығын сақтауға шақырады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *