Storytelling

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ АЗАЙМАЙ ТҰР

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандар саны екі есеге өскен. Бұл кризистік орталық одағының мәліметі. Бір жылда 70 мыңға жуық нәзік жанды орталықтарға көмек сұрап хабарласады. Басым көбі жолдасынан немес туысынан зәбір көргендер дейді мамандар. Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліментіне сүйенсек, 6 айда әйелдерге қатысты өңірде 800ге жуық құқық бұзушылық тіркелген.

Жамбылда тұрмыстық зомбылықтан жарт ыжылда екі әйел күйеуінің қолынан қаза тапқан. осылайша оларға қатысты жасалатын қылмыстар 10 пайызға өсіп отыр дейді мамандар. Өз өмірін сақтап қалу үшін мамандар орталықтарға қайрылуы керек дейді.

– Бүгінгі таңда Жамбыл облысында зорлық зомбылық құрбандарына арналған 2 әлеуметтік дағдарыс орталықтары жұмыс жасайды. Соның бірі Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық зомбылық құрбандарына арналған әлеуметтік көмек көрсету орталығы. Мұнда қауіпсіз тұру медициналық және психалогилық көмек сонымен қатар заң тұрғысынан консультация беріледі,-дейді Саламат Рахымет, тілші

– 2014 жылдың қазан айында ашылған біздің орталығымыз ашылғаннан бүгінгі күнге дейін 1168 қызмет алушы қабылданған оның 361 әйелдер болса қалғандары балалар біздің орталыққа көбіне жолдасынан зорлық зомбылық көргендер сондай ақ отбасы мүшелерінің басқа мүшелеріненде зорлық көрген азаматшалар хабарласады,-дейді Раушан Әлжанова, ЖО тұрмыстық зорлық- зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының консультанты

Ата-ана арасындағы жанжал ең алдымен балаға тікелей әсер етеді дейді мамандар. Жиі қайталанса тіпті жатыр жатқан сәбидің денсаулығына ықпал етеді.

– Енді қазір коп таңда балаларда аутизм өте көп отабасындағы зорлық зомбылық балаға көп көңіл бөлмеушілік\ қарым қатынас бұзылып жатады.бала тыңдағысы келмейді анасын әр дайым ұрыс керістің ортасында өскен бала жай сөзбен болмайды қой дегенді көбіне балалар түсінбейдіда,-дейді Динара Қалиева психолог

Отбасыдағы жанжалды шешу үшін әйелдер сотқа жүгінеді екен. Мамандар бұрын күйеуіне кешірім берсе ешқандай шара қолданылмайтын. Айыпталушы сол сәтте еркіндікке шығатын дейді. Ал қазір заң қатаң, кешіріммен мәселе шешілмейді лдейді.

– Ерлі зайыптылардың арасында осы уақытқа дейін соттың алдында егер әйелі кешірім берсе қысқартылып кететін еді кешірім бойынша . енді 1 шілдеден бастап кешірім деген бомайды егер азаматша жұбайы азаматқа қатысты айыппұл салады немесе 10 күнге дейін қамаққа алынады,-дейді Нұрсұлтан Айшыбеков, Тараз қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметкері

Мамандар қиын жағдайға тап болғандарды қолдайтын орталықтар саны әлі де аз деп отыр. Сондықтан алдағы уақытта Шу ауданында орталық ашу жоспарланған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *