ЖАҢАРҒАН ЖОЛДАР
Бүгінде Тараз қаласында жолдарды жөндеуге айрықша назар аударылуда. Қаланың үш жылға арналған даму жоспарында да бұған ерекше екпін түсірілген. Әсіресе, бірінші кезекте көлік қозғалысы көп, талай жылдан бері жөндеу көрмеген жолдарға баса мән берілуде.Солардың бірі–Қаныш Сәтбаев атындағы көше.
Сәтбаев көшесінің негізігі аумағанда «Нұралы» базары орналасқаны баршаға белгілі. Жол құрылыс жұмыстарына байланысты қазір аталмыш базар қайта жаңғыртылып, заманауи киоскілер орнатылған. Соның нәтижесінде жол ауқымы ұлғайып, кең көлік тұрағының ашылуына мүмкіндік жасалды. Алдағы уақытта қалған сауда киоскілері де жаңаша кейіпке еніп, артқа шегерілмек.
– Қазір основание жасап жатырмыз. Бордюр қойып. 20 адам 10 техника жұмыс істеп жатыр. бәрі ойдағыдай,-дейді Ерлан Шымбаев, мердігер компания өкілі
Жалпы алғанда Қойгелді көшесі мен Жамбыл даңғылы аралығындағы жол жөндеу жұмыстарына 10 техника, 30-ға жуық жұмысшы жұмылдырылған. Мұнда қазір жол негіздемесі дайындалып, жол жиегіне бордюрлар қойылуда.«Арайстройгруп» ЖШС мердігерлігімен қолға алынып жатқан жол ұзындығы бес жүз метрге жуық.