ТӘТТІ ТҮБІР АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙДЫ
Жамбылда биыл қант қызылшасының көлемі еке есеге ұлғайды. Өткен жылы 5500 гектарды құраса, биыл егістік жер аумағы 10 400-ге артқан. Мемлекет басшысының қант саласын дамыту тапсырмасы аясында суды үндемдеу технологиясында өңірлік шаруалар қолға алған. 17 жылдан бері тәтті түбір өсірумен айналыстын Владимир Бондаренкада егін алқабын қолдан жасалған су ұғымасы арқылы суғарып отыр.
2006 жылы құрылған «Трасфер» шаруа қожалығы қант қызылшасын өсірумен айналысады. Владимир Бондаренко бастаған ұжым екі жыл бұрын 200 гектар қант қызылшасын егіп 14 тоннадан астам өнім жинаған. Ал су мәселесін өздері қолдан құраған ұңғыма арқылы шешкен. 200 метр тереңдіктен шығатын тіршілік нәрімен 210 гектар тәтті түбір алқабын суарып отыр.
Қазіргі егіс алқабында 14 маман тұрақты жұмыс істейді екен. шаруашылықта үш қызылша комбайны, қызылша сепкіш, алты трактор мен басқа да 25 бірлік қосалқы техникамен қамтылған.Қожалық басшысы келер жылы егіс көлемі 250 гектарға дейін ұлғайтпақ. Ал Астанада арнайы келген сенат депутаты Сәкен Арубаев өңірде қандай да бір мәселе туындаса оның шешімін табуына өз үлесімізді қосамыз дейді.
– Билікпен тығыз байланыс орнату жергілікті жердегі проблемаларды нақты өзіміздің көзімізбен көріп, бас қасында болып сол мәселерді заңға сол бағытта заңның астында құқықтық актілер халықтың игілігіне, елдің игілігіне нақты жұмыс істеуді қамтамасыз ету,-дейді Сәкен Арубаев, ҚР Парламенті сенатының депутаты
Жалпы биыл Қазақстанда қант қызылшасы егістігі екі есе ұлғайып отыр. 19 мың гектарға жетті. Бұл – соңғы 5 жылда болмаған көрсеткіш-, дейді мамандар.