ҚҰТҚАРУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ САЙЫС
Таразда өрттен қаза тапқандарды еске салу мақсатында республикалық чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің өкілдері, ТЖД ардагерлері сондай-ақ өрт сөндіру-құтқарушылар және қаза болған батырлардың отбасы мен жақындары қатысты. Олар қызмет барысында көз жұмғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Өрттен құтқару спорты бойынша ХХІХ ерлер арасында және ІХ әйелдер арасында жазғы өрттен құтқару чемпионаты 4 күнге жалғасады. Дүбірлі додада 34 команда бақ сынайды. Оның 20-сы ерлер, 14-і әйелдерден құралған. Олар 4 өрт сөндіру, құтқару спорты бойынша сынға түседі.
– Қазақстан ұлттық командалары соңғы 10 шақты жылда нәтиже көрсетіп келе жатыр. Бұл неге десеңіз спорт барлық облыстарда біздің өрт сөндіру құтқару дамып келе жатыр. Спорттық базалар жасөспірімдер арасында секциялар ашылып. Бұл да бір спорттың дамып біздің жергілікті әкімшіліктер түсінушілікпен қарап бізге өрт сөндіру құтқарудың дамуына үлкен әсерін әкеліп отыр деп ойлаймын.Көптеген алғысымды білдіремін-, дейді Дәурен Данаев Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорттық федерациясының атқарушы директоры.
Жарысқа 300 өрт сөндіру қызметінің мамандары қатысады. Бүгін бастау алған спорттық іс-шара 22 ші шілдеге дейін созылады. Республикалық чемпионаттың жеңімпаздары атанғандар тамыз айында Түркия мемлекетінің Стамбул қаласында өтетін Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионатына қатысады.