Storytelling

ПРЕЗИДЕНТ ҮЙІНДЕ БАЛАЛАР ДЕМАЛАДЫ

Жамбылдағы Президент резиденциясы мемлеке басшысының тапсырамсына сай бүгін балаларға арналған оқу-сауықтыру лагері ретінде қайта ашылды. «Мөлдір Бұлақ» демалыс орталығы жыл бойы жұмыс істейді. Нысан Жамбыл ауданы Гродекова ауылында орналасқан. кешеннің ашылуы салтанатына аймақ басшысы мен маслихат депутаттары қатысты. Жеткіншектерге арналған сауықтыру лагерінің жұмысымен Саламат Рахымет танысып қайтты.

– Президент жарлығына сәйкес резиденсия оқу сауықтыру орталығы болып ашылды. Аумағы 10 гектар жерді алып жатқан Мөлдір бұлақ кешенінде 5 жатын корпус, 2 бассейн мен спорттық алаңдар бар. Жыл бойына қызмет ететін орталық бір ауысымда 50 баланы қамти алады,-дейді Саламат Рахымет, тілші

– Биылғы жылы облысытық бюджеттен біз бұған 600 млн тг бөлдік барлық жағдайды жасауға тырыстық. Балалар мысалы бөлек бөлек ғимараттарда жатады. 2 үлкене оқу орталығы бар. Қосымша штаттардың барлығын бекітіп бердік,-дейді Нұржан Нұржігітов, Жамбыл облысы әкімі

Талас өзенінің жағалауында орналасқан оқу сауықтыру лагерінің аумағы көк майсалы, табиғаты көз тартады. Аумағы кең, ғимараты да еңселі. Орталықта балалар жаз айларында 15 күн, ал қыста 20 күн демалуларына мүмкіндік жасалған. Жеткіншектер тек оқу оқып қана қоймай түрлі үйірмелерге қатыса алады. Қазір лагерьге оқушылардың алғашқы легі демалып жатыр.

– Барлығы керемет және де мұнда тіптен ұялы телефонға қарайтын уақытта жоқ және де мұндағы тамақтарда өте дәмді бізге қарайтын апай ағайларда өте мейірімді бізге бар қамқорлығын көрсетуде,-дейді Инабат Нұрмахан, оқушы

Нысан қазіргі заман талабына сай. Күзет қойылған, барлық корпуста бейне бақылау камералары бар. Ал мұнда келушілер оқу үздіктері, әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыдан шыққандар мен инклюзивті білім алатын балалар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *