Storytelling

ШАРУАЛАР ШАҒЫМЫ

Биыл алғаш рет қордайлық шаруалар күнбағыс өсіруді қолға алды. Алайда, тұңғыш рет тамыр жайған майлы дақыл өнім бермей жатып қурап жатыр. Пилоттық жобаны”Самғау” шаруа қожалығы испаниялық мамандармен бірлесе бастаған. Шаруа қожалық басшысы тамшылатып суару әдісі қолданылсақызыл шығынға батуымыз мүмкін дейді.

Евгений Трубников майлы дақылды сонау Испаниядан арнайы алдырған. Ол жақтың білікті мамандары Қордайдың құнарлы жеріне қызығушылық танытқан. Қос ел шаруалары күн бағыс өсіріп, көл-көсір табысқа кенелуді көздеген. Алайда тапшы су тығырыққа тіреп отыр. Кәсіпкердің талабы құнбағыстан өнімді төмен алған жағдайда шығынды өтеудің жолын қарастырса дейді. Жамбыл облысына арнайы жұмыс сапарымен келген сенат депутаты Сәкен Арубаев мәселенің мән жайына қанық болды.

– Әлемдік деңгейде шешу керек.Ал аудандық деңгейде шешілетін мәселе ол аудандық деңгейде шшілуі керек. Халықтың кәсіпкерлердің жұмысының тынысын ашуына үлкен көмек болады.Сондай мәселені шешсек талай кәсіпкер, талай халық былайша айтқан кезде игілікке ие болады.,-дейді Сәкен Арубаев, ҚР парламенті сенатының депутаты

Айта кету керек, биыл Шаруа қожалық 130 гектарға күнбағыс, 47 гектарға арпа, 200 гектарға дәндік жүгері, 90 гектарға қант қызылшасын орналастырған. Жалпы Қордай өңіріндегі 36000 мың суармалы алқаптың бүгінгі күнгі ақпаратына сәйкес, 6000 гектарына су жетпей отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *