Storytelling

СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІНІ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ

Жамбыл облысында ірі көлемде синтетикалық есірткіні «Telegram» арқылы таратушылар ұсталды. Есірткі сатушылардың әрекетін жою бойынша арнайы операция екі ай бойы жүргізілген.
Полицейлер синтетикалық есірткі заттарын сатуды, тыйым салынған заттарды жарнамалауды жүзеге асырған 4 адамды анықтады. Олардың бірі 26 жастағы қала тұрғыны. Ол Алматыдан Таразға есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырған. Ал 22 жастағы азамат Telegram арнасының әкімшісі әрі персоналдарды жалдаумен айналысыпты. Сонымен қатар, ол Атырау, Астана және Алматы қалаларына «синтетика» өткізуді қамтамассыз етіп отырған. Сараптама нәтижелеріне сәйкес, олардан жалпы салмағы 608,17 гр «мефедрон» болып табылатын есірткі заты тәркіленген. Тінту барысында қосымша 33,56 гр «мефедрон» 22 жастағы ұсталған азаматтан да табылған.
Қылмыстық әрекетке курьер болған 19 жастағы және 23 жастағы тұрғындардың да қатысы бар. Оларды Тараз қаласындағы ҚР ҰҰ «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлініс және ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері құрықтаған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *