ОЙЫҚ АУЫЛЫНДА САЯБАҚ ПЕН СПОРТ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ
Бүгін Талас ауданы, Ойық ауылында демеушілердің қолдауымен орталық саябақ қайта жаңғыртылды. Оған қоса жаңадан баскетбол, волейбол және street workout алаңшасы салынып отыр. Ал, кеше халық игілігіне беріліп, лентасы қиылды.
Енді мұнда тұрғындар серуендеп, спорт түрлерімен шұғылдана алады. Сондай-ақ алаңда воркаут аймағы, баскетбол, волейбол алаңы және жайлы орындықтар орналасқан тыныш аймақ та қарастырылған. Ендігі мақсат саябақты көріктендіру-,дейді мамандар.
– Қазіргі таңда осы Ойық, Сейілбек ауылына жастар ойын алаңы соғылады. 100 мллионға жуық қаражат жұмсалды. Алла қаласа биыл кешігіп қалдық. Қазіргі таңда үлгергенімізше шырша егіп, жасылдандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.-дейді Қайрат Ошақбаев ойық ауылының әкімі
Аталған аумақ ауыл тұрғындарының басын қосатын, бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беретін орталыққа айналары сөзсіз. өз кезегінде елдімекен халқы қаржылай қолдау көрсеткен атымтай жомарт жандарға алғыстарын білдірді.
– Спортпен айналысамын деген жастарға спорт аландары, ескі саябақтарға әрлеу жұмыстарын жасап берді. Ауыл сыртынан екі ұңғыма қазып берді. Ауыл тұрғындарына жақсы болды. Рахмет.-дейді Бидәулет Жуасбаев ауыл тұрғыны
Айта кетейік, “Samruk-Kazyna Trust” әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «QazaqGaz» барлау және өндіру орны мен “Дамыған әлем” қоғамдық қорының демеушілігімен саябаққа қайта жанданып, ойын алаңшасы қолға алынған. Бұл осы демеушілердің қолдауымен ашылған екінші нысан.