Storytelling

ЖЕМІС-ЖИДЕК ПЕН КӨКӨНІС ҚЫМБАТТАДЫ

Тараздықтар жаз айларында көкөніс пен жеміс-жидекті қалағанынша тұтына алмайды. Өйткені, құны қалта көтермейді,-дейді қараша. Мәселен, 1 келі алманың бағасы шамамен 1000 теңгеге жуықтаған. Өңірде көкөніс те, жеміс жидектердің түрі көптеп өсірілсе де бағаны тұрақтандыру неліктен мүмкін болмай тұр? Базардағы бағаны кім реттейді? Тағы не қымбат? Әріптесім Құралай Нұрланқызы тарқатады.
– Апай сәлеметсіз бе, өрік қаншадан? Маған 1 кг салып беріңізші. Түсіріп бересіз бе? Рахмет! Тараздықтар көбіне жеміс-жидекті осындай шағын базарлардан алады. Себебі дүкендерде нақты бекітілген баға болса, мұнда саудаласуға мүмкіндік бар.-дейді Құралай Нұрланқызы тілші
Десе де, баға былтырғымен салыстырғанда біршама өскендігін саудагерлер де жасырмайды. Бірден бір себебі, бау-бақша дақылдарының сырттан келуі. Көбі Өзбекстаннан импортталады. Өзіміздің өңірде өсірілетін өнімдер де бар. Бірақ өте аз мөлшерде,-дейді кәсіпкерлер.
– Негізінен Өзбекстан, Қырғызстан, шымкенттен келеді. Биыл аяз болғаннан кейін онша көп келіп жатқан жоқ. Әйтпесе өзімізден шие, өрік шығады ғой. Биыл өте қымбат болып жатыр. Абрикостың өзі 600 теңгеден келіп жатыр.-дейді Индира Үйсімбаева сатушы
Алма, құлпынай, қызнақ пен қияр. Аймақтағы шаруалар өндіретін өнімдерді тізбектей берсең жетерлік. Мәселен, биыл диқандар 44 мың гектардан астам жерге көкөніс, шамамен 17 мың алқапқа бақша дақылдарын еккен. 11 мың гектардан астам жерге картопты орналастырған. Шаруалар мол өнім алса да дәрумендерге бай тауар құны қымбат.
– жер үй барлар огород еккен дұрыс деп есептеймін.
– шие қымбат. 1200 деп тұр килограмы.
– помидорың 300 тг. Мынауың 250 тг
Ал, әлеуметтік тауарлар тізіміне енген көкөніс түрлерін тікелей бақылауда ұстайтын мамандар жыл басынан бері ешқандай заңбұзушылық тіркелмегенін айтады. Себебі бұл кәсіпкерлер үшін тиімсіз.
– Біз келісімшарт бойынша жұмыс істейміз.Бағаасы мен алып жатқан товарлардың мөлшерін бекітіп қоямыз. Ал әлеуметттік дүкендерге 10-15 пайыздан артық үстемақы қосылмайды. Сондықтан кәсіпкерлерге шекті бағадан көтеру тиімсіз. Біз бағаны Апта сайын тексеруге тырысамыз.-дейді Мұхтар Ботабаев «тараз» әкк директоры
Аталған мәселе тек әлеуметтік маңызы бар тауарларға қатысты. Ал жеміс-жидектің шекті бағасы әлі бекітілмепті. Олардың құны күзгі жиын-терім аяқталғанда белгілі болады. Сондықтан сатушылар қазір өнім бағасын өз бетінше реттейді. Оның үстіне аймақта сақтайтын қойма саны жеткіліксіз. Сондықтан әзірге сырттан келетін тауарларға тәуелдіміз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *