Storytelling

ШАҺАР КӨРКІ – «ЖАСЫЛ ЕЛ» НАЗАРЫНДА

Шіліңгір шілденің ыстығына, уақытқа қарамастан қаланың көркіне ат салысатын мамандар бар. Ол Жасыл ел тараз ЖШС қызметкерлері. Аптап ыстықта жасыл желектерді бірнеше рет суғаратын бұл жандардың еңбегі көзге көріне бермейді. Алайда әр ағашты өз баласындай баптаумен айналысады. Нағыз еңбек адамдарымен әріптесім тілдесіп қайтты.
Жалпы шаһарда 10-ға жуық саябақ пен скверлер бар. Ондағы жасыл өсімдіктердің ыстықта қурамай жайқалуы біраз қажырлы еңбекті талап етеді дейді мамандар. Сондай ақ маңызы бар қала көшелері де суғарылады. Оған 20 техника мен әр аумаққа арнайы жұмысшылар тартылған.
– 20 водовоз, 20 техника жұмыс жасайды. Олардың басты жұмыстары қала аумағындағы гүлдер, ағаштарды, сквер, саябақтарды суғарумен айналысады. Күніне 700-800 м/куб су кетеді. Біздің мақсат қаланы көгалдандыру, көріктендіру. Сол мақсатта жұмыс істеп жатырмыз,-дейді Дінислам Иманәлиев «жасыл ел тараз» жшс көгалдандыру учаскесінің маманы
Суғару жұмыстары күніне 2 ауысымда жүргізіледі. Таңғы сағат 7:00-12:00 ге дейін. Екінші ауысым кешкі 17:00 ден 20:00 ге дейін. Қызметкерлердің дені мұнда біраз жылдан бері еңбек етеді. Соның бірі Бауыржан Керімбаев. Жауапты істі жанына серік еткеніне 9 жылдың жүзі болған.
– Тараз қаласының көрікті болғаны өзімізге жақсы. Өсіп келе жатқан бала-шағамыз бар. Таза ауа болады. Керемет қой бұл деген. Жұмысымыз осы. Осы талдарды суғарамыз. Автовокзалдан бастап осы аркаға дейін. Күніне осы камазбен 5 рейс жасаймыз. Камазда 12-14 тонна су болады ішінде,-дейді Бауыржан Керімбаев «жасыл ел тараз» жшс көгалдандыру учаскесінің жұмысшысы
Айта кетейік, жұмысшылардың орташа жалақысы биылдан бастап 45 пайызға өскен. Сондай-ақ мамандар тасымалдау көлігі мен арнайы түскі аспен қамтылады. Тұрғындардың өтініші де жауаптылардың назарынан тыс қалған емес.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *