BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІ: ЖОЛДАУДЫ ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Облыс әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру барысын түсіндіруге арналған актив отырысы өтті, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агентігі.

Маңызды жиында өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Дүйсенәлі Бықыбаев, білім саласының ардагері Дамеш Ускумбаева және Жуалы ауданы, Қарасаз ауылдық округінің әкімі Жанар Нұрмұратқызы сөз сөйледі.

Жиын барысында қатысушылар Жолдауда көрсетілген негізгі бағыттар мен өңірде жасанды интеллект пен цифрлық трансформацияны дамыту мәселелерін талқылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *