ЖАМБЫЛДЫҚТАР ҚАЙДА ДЕМАЛАДЫ?
Жаздың бірінші айы да артта қалды. Қазір көптен күткен еңбек демалысын қалай және қайда өткізсем екен дейтін жандар аз емес. Сатистикаға үңілсек өткен жылы 8 жарым миллионға жуық қазақстандық отандық туризмнің қызметін алуды құп көріпті. Ал шетелге саяхаттағандардың саны 4 миллион 670 мыңға жеткен. Туристердің таңдауы көбіне Түркия, Тайланд, Біріккен Араб Әмірлігі, Мысыр, Грузияға түскен. Ал жамбылдықтардың жазғы демалысқа жоспарлары қандай?
Облыста 16 туристік ұйым бар. Оның 8-і ішкі туризм бағытында болса, қалғаны шет елдермен байланыс орнатқан. Мамандардың сөзінше жойқын жер сілкінісіне қарамастан бауырлас елге саяхаттауға баратын саны азаймай отыр. Араб Әмірлігі, Мысыр, Тайландта демалуға ниеттілер жетерлік. Сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда биыл демалысын жоспарлайтын жамбылдықтар қатары артқан.
-Жамбыл облысының тұрғындары көбінде турцияға, Черногорияға, Египетке, Стамбулға, Имиратыға ұшып жатыр. Көбісі Ыстық көлге бронировать етіп жатыр. Марвен Турмен ұшқан выгодна себебі біз Туристерге жеңілдіктер береміз бір-бір туристің басына 50 мың тенге кэшбэкпен қайтарамыз,-дейді «MARVEN TOUR» туристік фирмасының директоры Венера Алтынбекова
Ал ішкі туризмге жауапты сала мамандары Жамбыл өңірінде қонақтарды қызықтыратын орындар саны көбейген. Тарихи-мәдени, археологиялық, этникалық, ат спорты, экологиялық, медициналық-сауықтыру, сондай-ақ агротуризм бағытттары дамыған. Әсіресе экстремалды түрі қарқынды даму үстінде. Айталық, Қаратау қаласында орналасқан парапланмен ұша аймағы сұранысқа ие. Онда сіз Қырғыз және Талас Алатауын көркуге мүмкіндік аласыз.
Халықтың ішкі туризмге көңілі толмауының да бірнеше себебін білдік. Мәселен, қалтаңызда 160 мың болса шамамен бір апта демалысыңызды Біріккен Араб Әмірлігінде өткізе аласыз. Ал Ыстықкөлге 7 күндік саяхат 170 мың теңгеден басталады. Түрік мемлекетіндегі демалыс 340 мың шамасында.
Қазақстанға келсек, киелі Түркістанға тур арқылы бір аптаға 140-150 мың теңге кетсе, қарт каспий жағалауына барам десеңіз, 250 мың теңгеңіз болуы қажет.
БІР АПТАЛЫҚ САЯХАТ
БАӘ – 160 мың теңге
Қырғызстан (Ыстықкөл) – 170 мың теңге
Түркия – 340 мың теңгеден жоғары
Түркістан – 140-150 мың теңге
Ақтау – 250 мың теңге