BASTY BETJAŃALYQTAR

ҚАТТЫ СОҚҚАН ЖЕЛ САЛДАРЫ

Төтенше оқиғалар бойынша барлығы 3 автокөлікке тал құлап, зақым келтірген. Қала аумағында жалпы құлаған талдар мен бұтақтар саны – 50. Тазарту жұмыстарына 130 адам, 5 техника жұмылдырылған. 5 КамАз көлігінің щеткасымен жол жағалары сыпырылып, тазалануда.

Электр қуатынан ажыраған алқаптарға жарық берілген. Кейбір көшенің үйлерінде ішінара жарық жоқ, ақаулықтарды жою бойынша жұмыстар жалғасуда.

Әлеуметтік нысандарда (білім мекемелері -130, денсаулық-28 және басқада 227 әкімшілік ғимараттарда) жылыту маусымы қалыпты өтуде.
Электр энергиясын қалпына келтіру жұмыстарына 14 техника жұмылдырылған.

Тараз қаласы бойынша 2024 жылғы 11 қаңтар, сағат 08.00-ге жалпы жағдай қалыпты.
Ауа райы температурасы +1°С
Жел жоқ. Қар, жаңбыр жоқ.

Қатты желдің салдарынан 109 қызметіне 300 өтініш түскен. Электр жарығы өшкені туралы – 249, газ өшкені туралы – 2, балкон шатыры құлауы туралы – 1, тал құлағаны туралы – 22 өтініш тіркелген, тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда.

Электр энергиясын қалпына келтіру жұмыстарына – 12 бригада жұмыс жасауда. Бұл жұмыстарға 46 маман және 14 техника жұмылдырылған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *