BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAMАймақ

ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

Егемендікке қол жеткізгелі 30 жылдан асса да шаһарда әлі де жөндеу көрмеген жолдар баршылық. Биыл Таразда бірінші кезекте бұрын-соңды асфальт төселмеген жолдар қайта жөнделіп жатыр. Жалпы саны 118 көшеге орта және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

«Орман» алқабында алты көшеде орташа жол жондеу жұмыстары аяқталған. Бұлардың қатарында Ақыртас 1,2,3 және Көктерек, Ақбота, Лесхоз көшелері бар. Бұл көшелердің жалпы ұзындығы 1 шақырым 830 метрді, ені 4-6 метрді кұрайды. Негізгі жұмысты жүргізіп жатқан мердігер – «KATSA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

-Бүгінгі күнге орман алқабында асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталды. Ені 4 метрден 6 метрге дейін. Ұзындығы 1 км, 830 метрді құрайды. Мердігер ТОО Каста. Қазіргі таңда толық жұмыстар аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде,-дейді «KATSA» ЖШС басшысы Ақәділ Рахманбердиев

Енді аталған барлық көшелерге арнайы жол белгілері койылады. Бұл іске тұрғындар да дән риза.

-Біз тұратын Лесхоз көшесіне соңғы 25 жылдан аса уакытта асфальт төселмеген. Бұл талай жылдан бері көтеріліп келе жатқан өзекті мәселелердің бірі еді. Жолдың нашарлығынан көліктер жиі бұзылып, тіпті жедел жәрдем машинасының да қатынауы киынға соғатын. Енді міне биыл осы мәселенің шешімін тапқаны бәрімізді қуантуда,- дейді Лесхоз көшесінің тұрғыны Жәнібек Тәжібаев

Сондай-ақ, көне шаһардың Братская көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр. Қолға алынған жұмыстар келесі айдың ортасында аяқталады деп жоспарлануда. Жалпы, Тараз қаласында салынып жаткан барлық жолдар «Жол активтерінің ұлттык, сапа орталығының» облыстық филиалының арнайы зертханасында тексеріліп, қабылданады. Сондықтан құрылыс жұмыстарында ешқандай ақау болмайтыны анық, дейді мамандар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *