BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAM

«IPHONE» АЛЫП, ҰЯТҚА ҚАЛДЫ


«Айфон» алып, абыройдан айырылды. Тараз қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Айдын Алтай ірі сауда нүктесінен ақшасын кейін төлеімні деп,   қымбат ұялы телефон қолға тиген соң, ізім ғайым жоғалған. Оның неліктен мұндай қадамға барғаны әдеп кеңесінде қаралды.

Құны 699990 тг тұратын Айфон ұялы телефонын Айдын Алтай осы жылдың қаңтар айында алған. Ол үшін өзі жұмыс істейтін бөлімнің мөрін заңсыз пайдаланыпты. Ақпан айының 6 на дейін төлеймін деп, кепіл хат жазып қалдырған. Алайда, уәдесінен айнып, тек «Технодом» басшылығы әлеуметтік желіге жария қылған соң ғана 11 сәуірде толық төлем жасаған. Мемлекеттік қызметкерге тән емес қылығы үшін ол әдеп кеңесінде көптің алдында жауап беруге мәжбүр болды. Білдей бір бөлімнің басшысы лауазымын пайдаланып, теріс қылыққа жол бергені әдеп кеңесінің мүшелері тарапынан сынға ілікті.

 – Жалпы мемлекеттік қызметкердің абыройын көтеру үшін, соншама жұмыс жасап жатырмыз. Қасықтап жинап отырмыз сол абыройды. Сіз алдыңыз да соның бәрін шелектеп төгіп жібердіңіз. Шынын айту керек. Осы ойланбай жасаған әрекетіңізбен шелектеп төгіп жібердіңіз. Ол бүкіл республикалық БАҚ беттерінде жарияланды.Қоғамда сондай пікір қалыптасты. Мемлекеттік қызметкерлер осындай екен. олар алады, алған дүниесін қайтармайды,-дейді әдеп кеңесінің төрағасы Лесбек Ілебаев 

Қарызын қайтарса да шенеуніктің бұл ісіне қатысты әдеп кеңесі «қызметіне толық сәйкес емес»  деген ескерту түріндегі тәртіптік жазаны ұсынды. Бөлім басшысының ісіне қатысты шешім шыққан соң, кеңес мүшелері Тараз қаласы мен Сарысу ауданының әдеп жөніндегі уәкілдерінің екі жылда атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Нәтижесінде, әдеп жөніндегі кеңеспен аталған бағытта жұмысты күшейту жөнінде ұсынымдар енгізілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *