BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAM

СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Меркі ауданында үш бірдей су қоймасы салынып, 46 ұңғыма қазылып жатыр. Басты мақсат – ағын су мәселесін шешу. Сондай-ақ, жергілікті билік биыл суармалы жер көлемін ұлғайтуды да көздеп отыр.

Меркі ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлесін қосып отырған бірден бір аудан. Мұнда ақ бидай, қант қызылшасы, көкөністер көптеп өсіріледі. Осы орайда елдімекендердегі шаруаларды ағын сумен қамту маңызды мәселе. Осы бағытта қолға алынған ұңғыма құрылыстары толығымен аяқталған соң 2200 га жерді суармалы сумен қамтуға мүмкіндік туады.

Үш су қоймалары Андас батыр және Жаңатоған ауылдық округтерінде басталған. Мамандар құрылысы аяқталса, тағы 700 га жерді сумен қамту көзделіп отыр дейді. Мәселен, Андас-1 су қоймасы құны 330 млн теңгені құраса, ауқымды құрылысқа «Интеллект – Азия» ЖШС құрылыс жұмыстарына кірісіп кеткен.

Меркі ауданында Кеңес одағы замандарында 23 мың га суармалы жер болса, қазіргі таңда судың тапшылығына байланысты суармалы алқап көлемі азайған. Бұл су қоймалары шаруалардың жұмысын жеңілдетіп, мол өнім алуға септігін тигізбек. мамандар су қоймаларында тау сулары жиналып, егіс алқаптарына жебірелетін болады дейді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *