ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ
Қаңтар оқиғасынан бері бір жарым жылдан астам уақыт өтті. Жаппай тәртіпсіздік кезінде ұлттық қауіпсіздік подполковнигі Дастан Әділбай қаза тапқан еді. Күні кеше Таразда бейбіт күннің батырын еске алуға арналған турнир өтті.
Ұлттық қауіпсіздік подполковнигі Дастан Әділбайұлына арналған спорттық іс шара екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Турнирде Жамбыл облысы мен Шымкент қаласынан келген жалпы саны 18 команда бақ сынады. Жарыс алдында бір минут үнсіздік жарияланды.
– Биыл қатысушылар саны 18 командаға артты. Сонымен қатар, демеушілердің арқасында жүлде қоры да артты. Ардагерлер де белсенді қатысуда. Барлық қатысушыларға сәттілік. Ең мықты команда жеңіске жетсін. Рақмет сізге,-дейді Серік Бегалиев, ҰҚК ЖОБ департамент бастығы
Дастан Әділбайдың ата-анасы ұлының бойында ерекше көшбасшылық қасиеттері бар. Жоспары мен мақсаты көп еді. «Аққандай жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды» деп еске алды.
– Бүгін 2 қыркүйек менің ұлымның туған күні. Бүгін турнирге Шымкенттен құқық қорғау органдары келді. Бүгінгі турнирге қатысқан барлық командаларға, аға-әпкелерге, бөлім басшыларына алғысымды білдіремін,-дейді Әділбай Сарсенұлы, Д.Әділбайдың әкесі
Турнир қорытындысы бойынша 1-орынды Шымкент қалалық полиция департаменті иеленді. Ал 2-ші орынды Жамбыл облысының ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті табан тіреді. Үздік үштікті Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің командасы түйіндеді.