BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІ ҚАТАҢ ТЕКСЕРІЛЕДІ

Кәсіп бастауға яки оны дамытуға мемлекеттен қайтарымсыз грант алған азаматтардың жұмысы енді қатаң бақылауда болады. Өйткені, қаржылық көмекті мақсаттан тыс жұмсаған бір тұлғаның әрекеті әшкере болған. Кінәсін толық мойындаған азамат алған соммасын толық қайтарған.

Жалпы мамандардың айтуынша биыл облысқа 174 отбасы қоныс аударған. Жұмыссыздықты жою жобалары аясында 3700-ге жық азамат жұмысқа орналасқан. 72,6 пайызына зейнетақы жарналары аударылған. Ал аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев жауаптыларға қайтарымсыз грант алған азаматтарды уақытылы тексеруді тапсырып отыр. Облыс әкімі грантқа ие болған немесе қолжеткізе алмаған азаматтар туралы ақпарат халыққа қолжетімді болуы тиіс дейді.

– Кім алып жатыр? Не себетен? Қаншасына грант берілді? Не себетен осы кісілер алды? Басқа кісілер алмады? Соны қоғамға ашық түрде жеткізу керекпіз. ӘР БАҚ арқылы әлеуметтік желілер арқылы көрсету керек. Негізіне транспаритті түрде облысымыздың тұрғындарының бәріне түсінікі болатындай жеткізуіміз керекпіз,-дейді Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысы әкімі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *