BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAMTARAZ 24 ONLINE kzАймақ

«ИНАБАТТЫ АРУ – 2023» БАЙҚАУЫ

Қыз тәрбиесіне баса назар аудару және ұлттық құндылықтарымызды жастар арасында насихаттау шаралары өңірде қолдау тапқан. Соның бірі  мектеп жасындағы оқушылар арасындағы «Инабатты ару–2023» байқауы, -деп хабарлайды taraz24news.kz.

2011 жылдан бастау алған бәйгеде биыл 10 үміткер бақ сынасып жатыр. Байқау үш кезеңнен тұрды. «Сымбат пен сыры жарасқан», «Анадан тәлім алған қыз» және «Қыз өссе – елдің көркі».

 Ринат НҰРАҚБАЕВ, ЖО Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ «БАСПАСӨЗ ҮЙІ»  КММ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

.«Сымбат пен сыры жарасқан» бірінші бөлімінде қызды оның жеңгесі, я анасы таныстырады. Қазақта ешқашан қыз өзін таныстырмаған. Одан кейін «Анадан тәлім алған қыз» кезеңінде қатысушылар үйінде әзірлеген тағамдарын және қолөнер бұйымдарын көрсетеді.

Ал үшінші «Қыз өссе – елдің көркі» кезеңінде қатысушылар халқымызға тән өнер түрлерін, ән-би, көркемсөз оқу шеберлігін ортаға салады. Әрбір қатысушының жеңіске деген үміті зор. Әрі байқаудың мақсатын жақсы біледі.

  Тоғжан ӘШІРБАЙ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ

Қазақи болмыс әрбіріміздің бойымызда болуы керек. Сол себепті мен де осы байқауға қатысып отырмын. Ауданнан өтіп, облыстық кезеңге жолдама алдым. Біз байқау арқылы көремендерімізге, барша қазақстандықтарға ұлтымыздық ұлттық нақыштарын, салт-дәстүрін насихаттағымыз келеді…///

  Атаулы іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері , облысымыздың Құрметті азаматы Сәуле Мешітбайқызы да қатысып, өзінің ыстық ықыласын білдірді. Қазақ қыздарына өзінің аналық ақ батасын берді.

 

Гүлнар Тайжан,  taraz24news.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *