TARAZ 24 ONLINE

МЕДИЦИНАДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР

Биыл шамамен 5 млрд теңгеге  30 медициналық нысанның құрылысы басталды,- деп хабарлайды taraz24news.kz. Жұмыстар  2024 жылы пайдалануға берілмек. Сондай-ақ Шу, Меркі, Талас аудандық ауруханалары көпбейінді ауданаралық аурухана болып жаңғыртылды. Бұл дегеніміз, қызмет көрсету сапасы жоғарылып, жаңа мүмкіндіктердің де артқандығының айғағы. Бірақ, салада мәселе жоқ емес.

 Бұл саладағы жауыр болған ең өзекті мәселе, маман тапшылығы. 100 ден дәрігер қажет. Тағы бір проблема, жедел жәрдем көлігі жеткіліксіз. Бұл жәйт тұрғындар тарапынан да көтеріліп, айтылып келеді.

  Нұржан НҰРЖІГІТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

20 автокөлік сатып алу мәселесін біз оны биыл шешміз. Жедел жәрдем жұмысының сапасын біз көтеруіміз керек. Шет мемлекеттерге дәрігер мамандарымызды жіберіп, кәсіби деңгейін көтеру мәселесі ол үнемі жүруі керек. Оған біз енді жергілікті бюджеттен қателеспесем 65 млн тг бөліп жатырмыз.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жайлы тұрғындардың бірі білсе, бірі білмейді. Жалпы облыс бойынша шамамен 230 мыңға жуық адам мүлдем сақтандырылмаған. Оның ішінде Қордай, Меркі, Шу аудандары көш бастап тұр. Аталған жұмыстардың атқарылу барысы да сұралды.

 Нұржан НҰРЖІГІТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетіп жатқан жоқпыз. Толық көлемде. Ал мен сіздерге айтайын, біздің кейбір азаматтар бұның бар екенін білмейді да. Барып міндетті түрде төлеу керек екенін. Өз өзін жұмыспен қамтамасыз етсе, студент болса.

Жұмысты жүйелендіру үшін енді денсаулық сақтау саласындағы 15 000-нан астам қызметкер мен жергілікті орган өкілдері сақтандыру жайлы хабары жоқ әр азаматпен жұмыс жасап,  түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады. Аудандардағы нысан тапшылығы да кезең-кезеңімен азаймақ.

Құралай Нұрланқызы, taraz24news.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *