«РЕФЕРЕНДУМ – 2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН МАРАФОНЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін республикалық референдум аясында «Референдум – 2026» атты онлайн марафон өз жұмысын бастады. Іс-шараны ұйымдастырушы – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы. Марафон 09:00-де басталып, түнгі 01:00-ге дейін жалғасады. Шара барысында қоғамдағы өзекті тақырыптар талқыланып, ел дамуына арналған бастамалар мен инновациялық жобалар таныстырылады, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі..
Онлайн марафонның ашылу салтанатына 100 домбырашы «Балбырауын» күйімен қатысты. Іс-шара барысында алғаш рет отандық өнертапқыштар жасаған роботтар марафон жүргізушілеріне көмектеседі, ал голограмма технологиясы арқылы еліміздің жетістіктері көрсетіледі.
Марафон бес негізгі алаңда ұйымдастырылған: басты сахна, ток-шоу алаңы, инновация алаңы, орталық коммуникациялар алаңы және экспресс-камера. Қатысушылар қоғам қайраткерлері мен сарапшылар пікірін тыңдап, интерактивті форматта өз ойларын жеткізе алады.
Іс-шара барысында Aleem тіл үйрету қосымшасы, механикалық жүрек жобасы, жаңа арба, «ақылды» ұлтарақ, өрт сөндіру роботы, робот иттер және «Mainsafe» смарт-қолғап таныстырылады. Сонымен қатар, Қазақстанның саясаткерлері, сарапшылары, өнер және спорт өкілдері қатысады.
Марафон ресми YouTube, Facebook, Instagram, TikTok, Telegram парақшаларында тікелей көрсетіледі. «Референдум – 2026» арнайы Telegram арнасы арқылы да қатысуға болады.Марафон ресми YouTube, Facebook, Instagram, TikTok, Telegram парақшаларында тікелей

