ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
2024 жылғы 7 ақпанда сағат 14:30-да Жуалы ауданы, «Алматы-Ташкент-Термез» республикалық маңызы бар к/ж (Айша бибі ауылы, Түркістан облысы шекарасы 534-593 шқ) ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көрінудің нашарлауы) барлық көлік түріне қозғалыс тоқтатылды.
Сондай ақ Жуалы ауданында сағат 15.45-тен бастап ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, нөлдік көріну) «Б.Момышұлы–Көлтоған-Қошқарата-Қыстоған» облыстық маңызы бар автокөлік жолының учаскесінде көлік қозғалысы 10-76 шақырымына дейін жабық.
Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары! Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар.
“Дәрмен” тегін қосымшасында ескерту сипатындағы хабарламалар орналастырылған.