BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ҰҚК 10 ӨҢІРДЕ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ АРНАЙЫ ОПЕРАЦИЯ ЖҮРГІЗДІ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен еліміздің 10 өңірінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы арнайы операция жүргізді, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арнайы операция барысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің, шекара маңындағы және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі қылмыстық схемалардың заңсыз әрекетінің жолы кесілді.

Ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 29 адам ұсталып, оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Операция кезінде заңсыз айналымнан 25 қару, 2 граната және 236 оқ-дәрі тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *